Шымкентте жастарға жеңілдікпен шағын несие беруге өтінімдер қабылдау басталды

303

Шымкентте жастарға жеңілдікпен шағын несие беруге өтінімдер қабылдау ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ELITAR.KZ.

Биыл қалада 261 жас жігітке жеңілдікпен несие беру қарастырылған. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1 млрд.305 млн. теңге бөлінді. Жеңілдетілген несиелер Аграрлық корпорация арқылы бөлінеді. Қазір қалалық жұмыспен қамту орталығында өтінімдер қабылдануда.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбековтың айтуынша, қазіргі уақытта 15 жоба қабылданды.

“Шағын несие мамандығы бар немесе жұмысқа орналасуға үміткер 35 жасқа дейінгі жастарға беріледі. Несие сомасы 5 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме-2,5 пайыз. Ал мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға несиелер 7 жылға беріледі. Өтініш берген кезде жастарды дара кәсіпкер ретінде тіркеу уақыты 5 жылдан аспауға тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады. Тек мемлекеттік қызметші болмауы керек”, – деді Мақсат Жолдасбеков.

Шарт бойынша несие алу үшін міндетті түрде кепіл мүлкінің болуы қажет. Кепіл мүлкі болмаған жағдайда, кепіл беруші ретінде туыстарын да тартуға болады. Микрокредит алушылар үшін негізгі борышты өтеуге жеңілдікті кезең қарастырылған. Ол алатын несие мерзімі оның ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Жоба операторларының айтуынша, жастар бизнесті құруға өте мүдделі. Кондитерлік цехтармен, сұлулық салондарымен қатар жастардың ауыл шаруашылығына деген қызығушылығы басым. Айта кету керек, шағын пайызбен несие алу тәртібі бар. Осылайша, микрокредиттер жылжымайтын мүлікті сатып алуға, салуға немесе жөндеуге, жер учаскелерін, бағалы қағаздарды сатып алуға, қару (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), есірткі құралдарын немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіруге немесе сатып алуға берілмейді.

Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі. Оның құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырысында ұсынады, комиссия бизнес-жобаларды бағалайды және өзекті, дәлелді, өміршең, неғұрлым перспективалы жобаларды таңдайды. Қаражаттың өзі сәуір айының соңында түсе бастайды.

Айта кету керек, бірінші наурыздан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайды.

Алдыңғы пост
“Бизнес-бастау” жобасының қатысушысы сүйікті ісін неден бастағанын айтып берді 
Келесі пост
Қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлер кәсібін өркендетуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu