Шымкентте 100-ге жуық самокат пен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды

Теги: , , ,
203

Шымкентте бір аптада жол ережесін бұзған 100-ге жуық самокат пен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 30 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында тәртіп сақшылары мегаполис жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында 6402 жол құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде мопедтер мен электр самокаттардың қозғалу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап, 98 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, шлемсіз, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз басқару болып саналатынын атап өтті.

Сонымен қатар полицейлер жүргізушілер арасында аталған жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын болдырмау және жүргізушілерге заңнамалық актілердегі өзгерістер туралы хабарлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алдыңғы пост
«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің үстінен қозғалған іс сотқа жіберілді
Келесі пост
Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu