405
Шымкентте жылан көбейіп кетті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер дабыл қақты. Ведомствоның жедел-құтқару жасағы жыл басынан бері тұрғындардың өтініші бойынша 17 рет жылан аулауға шыққан.
Тек мамыр айында құтқарушыларға тұрғындар тарапынан 9 рет шақырту түскен.
«Құтқару қызметінің «112» нөміріне “Самал-3” шағынауданындағы Мәңгілік ел көшесінде орналасқан балабақшалардың бірінен жылан табылғаны туралы хабар түсті. Сондай-ақ, “Азат” шағынауданы Ақбастау көшесінде де тұрғын үйден жылан табылды. Оқиға орнына 4 адамнан тұратын құтқарушылар тобы шығып, жыланды тауып, қауіпсіз аймаққа шығарды» – делінген ТЖД таратқан хабарламада.