Кеңеске Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар управления басқармасының басшысы Мұратжан ШОТАНОВ қатысып, ақсақалдар кеңесінің ережесі мен құрамы қалалық ҚХА төрағасының шешімімен бекітілгенін атап өтті. Консультативтік-кеңесші орган жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде жұмыс жүргізетін болады.
“Ақсақалдар кеңесі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылды. Оның өкілдері қоғамдық негізде мемлекеттік органдарда, азаматтық қоғам институттарында қазақстандық бірегейлікті нығайту, азаматтардың қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырлануына жәрдемдесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, этносаралық қақтығыстардың алдын алу сияқты міндеттерді іске асыратын болады”, – деді М.Шотанов.
Қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиевтің басшылығымен өткен бірінші отырыс барысында әл-Фараби ауданының кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбек құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды. Жағдай туралы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов айтып берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың үш айында 340 азаматтың еңбек құқығын қорғауға қатысты өтініштері қаралған.
“Өтінімдер негізінде 50 кәсіпорын мен мекеме тексерілді, 69 бұзушылық анықталды”, – деді спикер. – Оның 65 – і еңбек қатынастары бойынша, төртеуі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша. 54 бұзушылық жойылды. 31 ұйғарым берілді, 4,4 миллион теңгеге 19 айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 2,1 миллион теңге өндірілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта үш кәсіпорынның 93 қызметкер алдындағы айлық жалақысы бойынша 15 миллион теңге мөлшерінде берешегі бар. Осы мекемелердің уақытша әрекетсіздігіне байланысты берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін құжаттар жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасына жіберілді. Жалпы, еңбек инспекторлары 705 қызметкердің құқықтарын қорғады, 24 кәсіпорынның 682 қызметкерінің жалақысы бойынша 412,7 миллион теңге мөлшерінде қарыздарын өтеді”.
Әл-Фараби ауданында саяси тұрақтылықты сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Балтабай СМАЙЛОВ айтып берді. Оның айтуынша, әкімдік қызметкерлері ұлтаралық келісім мен бірлік тақырыбында жастар арасында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.