1 маусымда жүзу бассейнінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды TELEGRAM-арна ELITAR.KZ.
Аталған іс-шара аясында 2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында жүзуден республикалық турнир өтеді. Оған Қазақстанның өңірлері мен қалаларынан 20 команда қатысады.
Бассейн барлық олимпиадалық стандарттарға сәйкес келеді. Оның ұзындығы – 50 метр, ені – 21 метр, сонымен қатар 9 бөлу жолағы бар. Бір уақытта 150 адамға дейін жүзуге болады.
Алдағы уақытта жүзу бассейні қала тұрғындары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері үшін жыл бойы жұмыс істейтін болады.
Екі бассейн орналасқан оқу-жаттығу орталығында жөндеу жұмыстары 2003 жылдың сәуір айынан бастап жүргізілді. Балансында оқу-жаттығу орталығы (бұрынғы “Спартак” спорт кешені) орналасқан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті орталықты қайта жаңартуға шамамен 100 млн.теңге жұмсады. Қайта құру барысында суды сүзу және химиялық тазарту жүйелері ауыстырылды, халықаралық стандарттар бойынша салынған үлкен және кіші бассейндер гидрооқшауланды, жаңа қазандық салынды. Сондай-ақ, сантехникалық қондырғылар мен жылыту құбырлары ауыстырылды, киім ауыстыратын бөлмелер жөнделді. Бұрынғыдай қала тұрғындары бассейнге бір реттік немесе айлық талондар бойынша бара алады, олардың құнын әзірге тек ОҚМУ мамандары есептейді. Келушілер үшін бассейн 20 желтоқсаннан кейін ашылады деп жоспарлануда. Жаңа жылдық мерекелерде спорт кешені толық көлемде жұмыс істейтін болады. Соңғы он жыл ішінде бассейн инженерлік-коммуникациялық жүйелерді жөндеуге қаражаттың болмауына байланысты толық қуатта жұмыс істей алмады.
Шымкенттегі ең көне спорт бассейні “Спартак” ешқашан жарнаманы қажет етпеді. Ол жерде жыл бойы адамдар көп болды. Ашық аспан астындағы бассейнде спортшылар жаттығып, ірі жарыстар өтті.
“Бассейн өзінің бұрынғы даңқын қайтарады деп үміттенеміз, ал бассейн аумағы жеке қолға берілмейді, мысалы, қажет емес сауда орталығын салу үшін”, — дейді қала тұрғындары.