Шымкенттің бірқатар тұрғын алабында газ уақытша өшіріледі

208

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалындағылар шаһардағы бірқатар тұрғын алапта көгілдір отын уақытша өшірілетінін ескертеді. Мамандардың хабарлауынша, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Алаш» базарының аумағында жаяу жүргіншілердің жерасты өткелінің құрылысын бастау мақсатында газ құбырының орнын ауыстыру жұмыстары өткізіледі. Осыған орай 27 сәуір күні Жаңаталап, Игілік, Қызылжар тұрғын алаптары мен Қызылжар мөлтек ауданында газбен жабдықтау уақытша тоқталылады.

«Сіздерден келтірген ыңғайсыздық үшін алдын ала кешірім сұраймыз. Қосымша сұрақтар бойынша 8771-949-92-60, 39-48-54, 99-80-33, 39-74-81 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады» делінген «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалы таратқан хабарламада.

Алдыңғы пост
Білім саласында жемқор өңірлер тізімі белгілі болды
Келесі пост
Үшінші мегаполисте тағы бір аудан толығымен ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu