414
Шымкенттік тәртіп сақшылары қаладағы жазғы кафелердің бірінің жұмыс істеуіне тыйым салған. Осылай деген кәсіпкерлер Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне шағымданған. Олардың айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары «Арбат» аумағындағы кафенің қосалқы учаскесінде үстелдерді орналастыруға рұқсат бермей қойған.
Департаменттегілер мүдделі мемлекеттік органдармен бұл проблемалық мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, нормативтік тыйым жоқ екендігі анықталғанын хабарлады.
«Осы мәселені зерделеу мақсатында қала әкімдігі мен Жергілікті полиция қызметінің бейінді басқармасымен кездесу өткізіліп, кәсіпкерлерге қатысты негізсіз талаптар тоқтатылды» делінген ведомство мәліметінде.