Шымкенттік жастардан жеңілдетілген шағын несие алуға өтінімдер қабылданады

263

Аграрлық несие корпорациясына жастардан жеңілдетілген микрокредит алуға 3,1 мыңнан астам өтінім келіп түсті, деп хабарлайды ELITAR.KZ.

Шағын несиелер кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру мақсатында жастарға жылдық 2,5% – бен беріледі. 2023 жылдың ішінде еліміз бойынша барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарлануда.

“Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылдан (кез келген мақсатқа), 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін) болуы мүмкін. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% – дан аспайды”, – дейді Аграрлық корпорация.

Микрокредит алуға өтінімдердің ең көп саны Жамбыл (512), Түркістан (384), Қызылорда (305), Батыс Қазақстан (189) және Алматы (173) облыстарынан келіп түсті.

Конкурстық комиссиялардың шешімімен 1247 жоба мақұлданды. Оның 507-сі іске асыруға несиелер беріледі. Жеңілдетілген несие алушылар арасында мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салалары басым.

Естеріңізге сала кетейік, микрокредиттер жеке кәсіпкер ретінде 5 жылдан аспайтын мерзімде тіркелген жағдайда, 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі.

Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін құжаттар пакетін “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ филиалына тапсыру қажет. Шымкентте филиал Қонаев даңғылы, 3/3 мекенжайында орналасқан

Қажетті құжаттар тізімі:

жеке басын куәландыратын құжат;

жоба бойынша бизнес-жоспар;

шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;

кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);

қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;

кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;

кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Микрокредиттер кез келген мақсатқа беріледі:

– тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);

– бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);

– қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;

– ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;

– Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;

– моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі Жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі және\немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;

– кредиторлық берешекті өтеу;

– бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттар.

Алдыңғы пост
Шымкентте қылмыс деңгейі 37 пайызға төмендеді
Келесі пост
Арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарында сенбілік өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu