Әскери қызметшілер ұстаздарға құрмет көрсетті

388

Ұстаз мәртебесін көтеру – бүгінгі қоғамның негізгі міндетіне айналды. Өйткені, ұстазды ұлықтау, оның ұлт тәрбиесі жолындағы ерен еңбегін бағалап, мерейін өсіру маңызды-ақ. Осы ретте, ұстаздар күніне  орай, Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшлығына қарасты әскери бөлімдердің басшылығы өзара ынтымақтастықтағы білім ордаларының ұстаздарын марапаттап, сый-сияпат жасады.

Ұстаздар күні осындай игі шаралардың бірін «Оңтүстік»  өңірлік қолбасшылығына қарасты Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімі ұйымдастырды. 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов және командирдің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ернар Әшірбеков шаһардағы №41 мектеп-лицей мен №78 орта мектепке арнай барып, ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап «Алғыс хат» пен әсем гүл шоқтарын табыстады. Сонымен қатар 6506 әскери бөлімі мен аталмыш білім ордаларының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар меморандумды Қазақстан Республикасының Президенті Касым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен жастар еліміздің болашағы және оларды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында жасасты. Меморандумға №41 мектеп-лицейі тарапынан директоры Айна Сарымсақова, №78 мектеп директоры Ақмарал Байболатова және Ұлттық ұлан тарапынан 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов қол қойды.

Меморандумда аталмыш білім ордаларының шәкірттері үшін әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу, оқушыларды әскери-патриоттық тұрғыда дайындауға арнайы мамандармен қамтамасыз ету, өзара көркемөнерпаздар концертін ұйымдастыру, ашық есік күндерін өткізу және тағы басқа тәрбиелік шараларды өткізу қарастырылған.

Осындай іс-шара ұстаздардың кәсіби мерекесі аясында өңірлік қолбасшлығына қарасты әскери бөлімдерде де өз жалғасын тапты. Айталық, 7552әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Данияр Исаев Е.Қарсақбаев атындағы №41 жалпы білім беру мектебінің директоры Ләззат Доланбаева мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Фазылжан Мырзахметұлын айтулы мерекемен құттықтап, бөлім командирінің атынан Алғыс хатпен марапаттады. Ал 3650 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Айдос Шаяхметов және бөлімдегі әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Хусайнова №170 және №50 мектептің ұстаздарына құрмет көрсеті. Сондай-ақ, 5514 әскери бөлімінің офицерлері мен әскери қызметшілері Ш.Уалиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясының басшылығын марапаттап, сый-сияпат жасады.  

Иә, біз «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт», деген нақыл қалдырған дана халықтың ұрпағымыз. Демек, бүгінгі мемлекет басшысының саясаты, Ұстаз мәртебесін асқақтатуы сол текті халықтың ұрпағына тән нағыз асыл қасиет болса керек. Ендеше, ойын баласын хат тануға үйретіп, оның бойына білім дәнін себетін, адамды азамат етіп қалыптастыру жолында аянып қалмайтын ұстаздардың мерейі еселеніп, абыройы артуына біз де телекшіміз…

Алдыңғы пост
Қазақстандықтарды сан соқтырған күдіктілер Шымкенттен ұсталды
Келесі пост
Шым қалаға «Шахмат керуені» келе жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu