Тұран ауданы: 310 көп қабатты тұрғын үй жылу маусымына дайындық жұмыстарынан өтті

204

Шымкент қаласы Тұран ауданында 544 көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың 501-і орталық жылу жүйесіне қосылған.

2023-2024 жылғы жылу маусымына қазіргі уақытта Тұран ауданы бойынша 310 тұрғын үй дайындалып, сығымдау жұмыстарынан өткізілді. Қалған 191 тұрғын үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар жасалуда.

Айта кетейік, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 – тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты.

«Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жылу жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығымдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет.

Аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп ұстау қызметін 6 сервистік мекеме 152 көп қабатты тұрғын үйге қызметтерін көрсетуде.

Олар:

1.«ЖилСтройСервис» ЖШС (тел: 87752689139)

2. «NUR-D» ЖШС (тел: 87479020097)

3. «KazConstraction Service» ЖШС (тел; 87755108248)

4. «Еркин» ЖК (тел: 87789922183)

5. «Сержан» ЖК (тел: 87751613293)

6. «ТеплоСервис» ЖШС (тел 87026892130)

Бұған дейін, ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқаны және алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері пысықталған болатын.

Яғни, қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалпы, республика бойынша 593 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 64,4%-ы жөнделген. Жұмыстар 50-ден 75% дейін орындалған өңірлер арасында Шымкент қаласы  бар. Мегаполисте қолданыстағы жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды. №1 қазандықтың жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.  Бөлек орналасқан 23 жылу қазандығынан бүгінде  19-ы қысқы маусымға дайын, қалған қазандықтар бойынша әзірліктер 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады. Сондай-ақ қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің  жылу жүйелерінің дайындығын күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Десе де, Премьер-Министр жергілікті әкімдерге тиісті министрлікпен тығыз байланысып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдыңғы пост
Ақтауда суши желісінің басшысы есірткі курьері болып жүрген
Келесі пост
Ғабит Әбдімажитұлы сыздықбеков шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu