Түркістан облысы Төлеби ауданында 5 сынып оқушысы зорланған. Мұндай ақпаратты «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Facebook парақшасында жазды. Ондағы мәліметке сенсек, баланы 6 оқитын оқушы зорлаған көрінеді. Жәбірленушінің анасы мектепте жұмыс істеп келген. Ең сорақысы, мектеп басшылығы баланың анасына шу шығармауды сұрапты. Ауыл тұрғындары оқушыны зорлаған баланың туыстары дәрігер болғандықтан экпертиза нәтижесі бұрмаланып кете ме қорқуда.
Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер 29 наурызда Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданғанын растады. Оның айтуынша, ауданның кәмелетке толмаған тұрғыны ұлына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасаған.
«Бұл факт “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” ҚР ҚК 121-бабы 3-1-бөлігі бойынша тіркелді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, барлық қажетті іс-шараларды өткізді. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады»,-деді Полиция департаментіндегілер.
Аталған жайт Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылысы жеке бақылауына алған.