Түркістан облысында биыл жыл басынан бері ата-анасының қарауынсыз қалған суару каналдары мен арықтарға батып кеткен бес бала қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен шомылу маусымын өткізуге дайындық мәселелері жөніндегі отырыста айтылды.
Ведомствоның дерегінше, шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіз шаралары әсіресе оңтүстік өңірлердің ауылдық жерлерінде маңызды мәселе болып табылады. Ол жерлерде жасанды түрде жасалған каналдар мен арық жүйелерінде балалар қайтыс боп жатыр. Өткен жылғы статистика көрсеткендей, суға батқан 184 адамның 116-сы ауылдық жерлерде тіркелген. Ішінара, Түркістан облысының аумағында жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан астам суару каналы мен арықтар бар. Олардың 800-ден астамы немесе 5400 шақырымы елді мекендер арқылы өтеді және кейбірі ауылдарға өте жақын орналасқан.
Шомылуға арналған ресми (рұқсат етілген) орындардың және қолданыстағы жағажайларға қолжетімділіктің болмауына байланысты белгіленбеген жерлерде шомылуға жол бермеу туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен соған қарамастан жергілікті тұрғындар, оның ішінде балалар суару каналдары мен арықтарда шомылуға мәжбүр. Жыл басынан бері ғана Түркістан облысында ата-анасының қарауынсыз қалған суару каналдары мен арықтарға батып кеткен 5 баланың қазасы тіркелді.
Сонымен қатар, балалармен болған жазатайым оқиғаларға жыл сайынғы талдау көрсеткендей, олардың қайтыс болу фактілерінің көпшілігі балалардың жазғы кезеңде жұмыспен қамтылмауы, балалар үйірмелерінің, секцияларының, лагерьлерінің және т. б. болмауы немесе аз болуы салдарынан болған.
«Осыған байланысты жауапты орындаушылардың 2020-2023 жылдарға арналған санаторийлер, турбазалар, ұлттық саябақтар, оқу орындары жанынан ашу арқылы балалар лагерлері желісін кеңейтудің жол картасы пункттерін іске асыруға неғұрлым мұқият көзқарасы қажет» делінген мәліметте.