Түркістан облысының әкімдігі тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді

290

Түркістан облысының әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты халықты үйден шықпауға шақырды. Себебі алдағы күндері қатты жел екпіні өңірдің көптеген аудан мен қалаларында сақталады. Қазіргі таңда дауылға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Ауа райының күрт нашарлап, дауыл соғуына байланысты бірнеше аудан, қалада электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Төтенше жағдайлар департаментінің, «Оңтүстік Жарық Транзит» және әкімдікке қарасты мекемелердің арнайы бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы дауылдан ең көп зардап шеккен Кентау қаласына арнайы барып, жағдаймен танысты. Жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

«Облыс аумағындағы барлық гидротехникалық құрылыстар мен су айдындарына мониторинг жүргізіліп, кезекшілік ұйымдастырылды. Департаментте азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен жедел штаб құрылды» делінген әкімдік хабарламасында.

Жергілікті әкімдіктер тарапынан да тиісті жұмыстар қолға алынды. Ауа-райының нашарлауы салдарларынан болатын қауіп-қатердің алдын алу мақсатында және төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық, аудандық комиссиясы  отырысының шешімі бойынша Кентау қаласында барлық мектептер мен балабақшалар қашықтықтан оқыту режиміне ауыстырылды. Базарлардың, сауда орталықтарының және адамдар жаппай баратын нысандардың жұмысына шектеу қойылды. Сауран ауданы мен Түркістан қаласындағы бірнеше мектеп онлайн оқыту режиміне ауыстырылды.

Мамандардың айтуынша, Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні сақталады. Сондықтан тұрғындар аса қажет болмаса, үйден шықпай, қауіпсіздік шараларын сақтағаны жөн.

Айта кетейік, кеше 4 мамырда сағат 08:30-дан бастап ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қатты жел екпіні 21-24 м/с) Түркістан мен Кентау қаласында және облыстың Сауран, Бәйдібек, Сайрам аудандарында электр желілеріне зақым келіп, үйлерде жарық уақытша сөнді. Оған қоса, Түркістан, Кентау қалаларында және Бәйдібек, Созақ, Түлкібас аудандарында ғимараттардың шатыры жартылай және толық бұзылған.

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи мұражайының 80 шаршы метр алаңындағы  3 қабатты ғимаратының шатырының бөліктері желмен ұшқан. Қалдықтар жиналып, аумақ тазаланды, акт түзілді. Ауа-райы жағдайы тұрақталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Кентау қаласында политехникалық коледж ғимараты шатырының біраз бөлігі, «Қазақтелеком» ғимаратының шатыры желмен толық ұшқан. С.Алтынсарин атындағы №1 жалпы орта мектебінің ауданы 350 шаршы метр (жалпы ауданы 5140 ш. м.) шатыр бөліктері жұлынған.  №16 мектеп-гимназиясы ғимаратының  30 шаршы метр шатыр бөліктерінің желмен ұшуы анықталған.

Ал Бәйдібек ауданында қатты желдің салдарынан (екпіні 23 м/с дейін) «Оңтүстік жолдары» МКК-нің бір қабатты ғимаратының 325 шаршы метр шатыры толығымен ұшса, Созақ ауданындағы бір мектептің шатырына аздап зақым келген. Түлкібас ауданында қоғамдық тамақтану орны ғимаратының шатыры бүлінген.  Дауылды жел тоқтаған бойда арнайы комиссия зақым келтірілген аймақтарда шығын көлемін анықтайды.

Алдыңғы пост
Жас жігіт көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлап, ол үшін ақша талап еткен
Келесі пост
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жауынгерлерді мерекемен құттықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu