🔷 Бүгін қала әкімінің бастамасымен «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның алғашқы сенбілігінде қала бойынша 50 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 81 елдімекенде тазалық шаралары ұйымдастырылды.
🔷 Бадам өзенінің жағалауын тазалауға қала әкімі мен құрылымдық басқармалары және аумақтық органдардың қызметшілері үлес қосты.
🔷 Сондай-ақ тұрғындар, көшелер мен үйлердің басқарушылары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметшілері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікте депутаттар, кәсіподақ, қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер және ерікті жастар да белсенділік танытты.
🔷 Келесі жалпысенбілікте Әл Фараби ауданы аумағына басымдық беріледі. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша шеткі аумақтардағы қоқыс үйінділерінде тазалық шаралары күшейтіледі.
🔷 Ал қараша айында тал егу жұмыстары басталады. Қаланың орталықтары, Тұран елдімекені және аэропорт аумағына жапырақты, қылқан жапырақты түрлі декоративі ағаштар отырғызылады.
🔷 Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі