Toyota Camry көлігін сатпақ болған шымкенттік оңбай алданды

288

Шымкентте құны 14 миллион теңгеге бағаланған Toyota Camry көлігін сатпақ болған тұрғын оңбай алданды. Айтуынша, ол қымбат темір тұлпарын сатылымға қойған. Клиент ретінде табылған ер адам қасына тағы бір танысын ертіп келген екен. Содан көлікті алдымен айдап көретінін айтыпты. Кейіннен темір тұлпарды айдап әкетіп, сол күйі қайтармаған екен.

Жәбірленуші полицияға шағым түсірген. Оның арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 33, 26 және 27 жастағы күдіктілер анықталған. Олардың үшеуі де Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Полицейлердің мәліметінше, ұсталғандар кінәларын толықтай мойындап отыр. Заңсыз әрекетке қаржы тапшылығынан барғандарын және бұл үшін өкінетіндерін жеткізіпті.

Алдыңғы пост
Енді несие төлемейміз: шымкенттіктердің қайсысы банкроттық туралы хабарлауы мүмкін
Келесі пост
Оқу жылы нақты қашан аяқталып, оқушылар қай күні емтихан тапсыратыны белгілі болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu