Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам стадионда іш киіммен жүрген

Теги: ,
249

Павлодар облысындағы Ертіс ауылында ішімдікке ішкен ер кісі орталық стадион аумағында іш киіммен жүрген.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, 41 жастағы тұрғын келген полицейлерге өзінің десантшы екенін және стадионды күзетіп жүргенін айтқан.

Ауыл тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Сот шешімімен ол 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды және үш ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сұңғат Әбеновтің айтуынша, сонымен қатар ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі “Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру” бойынша да әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алдыңғы пост
Шымкентте 4 кәсіпорын жұмысшыларының құқықтары тапталған
Келесі пост
Алты жыл бұрын адам өлтірген ер кісі қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu