Ынтымақ шағынауданындағы №54 мектеп күрделі жөндеуден өтуде

365

Қалада жаңа оқу жылы қарсаңында білім ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге  Ынтымақ шағынауданындағы №54 жалпы білім беретін орта мектебінің жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Салынғанына 10 жыл болған ғимарат қолданысқа берілгелі енді күрделі жөндеуден өтуде. 900 орындық нысанның құрылысы маусым айында басталған. Осыған дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарының 80 пайызы орындалған.

Өндірістік кестеге сай мектептің күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен сапаға басымдық беріп, оқушылар қауіпсізідгін қатаң ескеруді тапсырды. Биылғы жоспарға сәйкес жалпы, қалада 9 білім ғимараты  күрделі жөндеуден өтеді. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталады.

Айта кетейік, Шымкентте «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп пайдалануға беріледі. Қалада өткен жылы 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов баяндаған болатын.

“Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің  көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар. Мектепке қатынайтын қосымша маршруттар бекітіңіздер. Білім ғимараттары түгелдей  жылдам интернетпен қамтылуы тиіс” – деді қала әкімі.

Сондай-ақ халықтың демографиялық өсу динамикасын ескеріп, алдағы уақытта білім ғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілеп алу қажеттігін ескертті.  Басқарма басшыларына  құрылыс барысындағы өзекті мәселелерді бірлесе, дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды.

Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда.

Алдыңғы пост
Тәулігіне 50 мың текше метр су айдайтын қосымша кәріз жүйесі іске қосылады
Келесі пост
Шымкентте 3 мыңнан астам азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu