Таразда әлеуметтік осал топтарға беру үшін пәтерлер коммуналдық меншікке қайтарылуда

62

Әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

2024-2025 жылдары прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде азаматтармен заңсыз сатып алынған 13 пәтер мен 2 жер учаскесі анықталды.

Қала прокурорының апелляциялық өтінішінің негізінде 3 пәтер бойынша сот актілерінің күші жойылды, оның ішінде 2 пәтер әлеуметтік осал топтарға жататын меншік иелеріне қайтарылды.

Құны 16 млн теңгені құрайтын орталықта орналасқан 4 бөлмелі пәтер мемлекетке қайтарылды.

Азамат бұл пәтерді қала тұрғынының жазбаша келісімімен сатып алған, кейіннен меншік құқығын тану туралы талаппен сотқа жүгінген, бұл талап бірінші сатыдағы сотпен қанағаттандырылған.

Апелляциялық инстанцияда талапкердің пәтерде 7 жыл бойы үздіксіз тұрып жатқанын растайтын құжаттар мен басқа меншік иелерінің сатуға келісімі ұсынылмағаны анықталды.

Сонымен қатар, қадағалау актісі бойынша сот қала әкімдігінің жалпы құны 60 млн теңгеге 5 пәтерді иесіз деп тану және оларды коммуналдық меншікке беру туралы талаптарын қанағаттандырды.

Аталған пәтерлер кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға берілетін болады.

Сондай-ақ, прокурордың актісі мен талап арызы бойынша мемлекетке жалпы алаңы 18 сотық 2 жер учаскесі қайтарылды.

 

Алдыңғы пост
Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заңсыз темекі цехы жойылды
Келесі пост
Маңғыстауда 11 бала уланып ауруханаға түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu