Ақмола облысы Бурабай ауданында дос қызының үйіне қонаққа барған жігіт ұрлық жасады. Үй иесі бұл қылмыс туралы дер кезінде білмеген. Үйінде алтын бұйымдары жоқтығын байқаған ол дереу полицияға хабарлаған. Жәбірленуші қыздың анасы болып табылады. Оның айтуынша, 20-30 наурыз аралығында пәтеріндегі алтын бұйымдар: сырғалар мен сақинаны әлдекім ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 750 мың теңгені құраған.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасауға қатысы бар адамды анықтады. Ол жәбірленушінің қызының досы болып шықты. Жігіт оңай олжасын дереу ломбардқа өткізіп үлгеріпті.
«Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі “ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер, сырғалар мен сақина тәркіленді» деп атап өтті Ақмола облыстық Полиция департаментіндегілер.