Қыздың үйіне қонаққа барған жігіт бар алтынды үптеп кетті

184

Ақмола облысы Бурабай ауданында дос қызының үйіне қонаққа барған жігіт ұрлық жасады. Үй иесі бұл қылмыс туралы дер кезінде білмеген. Үйінде алтын бұйымдары жоқтығын байқаған ол дереу полицияға хабарлаған. Жәбірленуші қыздың анасы болып табылады. Оның айтуынша, 20-30 наурыз аралығында пәтеріндегі алтын бұйымдар: сырғалар мен сақинаны әлдекім ұрлап кеткен. Келтірілген шығын сомасы 750 мың теңгені құраған.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасауға қатысы бар адамды анықтады. Ол жәбірленушінің қызының досы болып шықты. Жігіт оңай олжасын дереу ломбардқа өткізіп үлгеріпті.

«Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі “ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заттай дәлелдемелер, сырғалар мен сақина тәркіленді» деп атап өтті Ақмола облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Шымкентте жүрекке жасалатын оталар саны артқан
Келесі пост
Қалалық жүрек орталығында жыл сайын жоғары технологиялық оталардың саны артып келеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu