Үздік өңірдің қос кәсіпорыны «парыз» сыйлығына ие болды

320

Биыл Шымкент қаласынан «Парыз» сыйлығын ал үшін 23 мекеме өтінім білдірген болатын. Еңбек нарығындағы үздік ұжымдарды анықтау және ынтталандыруды көздейтін байқау — «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» сынды 5 номинациясы бойынша ұйымдастырылған.

Шымкент қаласының қос бірдей кәсіпорыны, яғни «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і — «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша, алтын «Парыз» сыйлығын иеленді.

«Су ресурстары-Маркетинг»-  жабдықтау және су бұру бойынша ең ірі қазақстандық оператор. Еліміздің үшінші мегаполисін сумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Шымкент су арнасының тарихы 57 жыл бұрын басталған болатын. 1951 жылы 28 қарашада Шымкент қаласында «Водоканал»басқармасы ұйымдастырылды. Бұған дейін қала тұрғындары бұлақ, құдық және өзен суын пайдаланды. Сумен жабдықтау 1951 жылдан 1957 жылға дейінгі кезеңде Қошқарата өзені ауданында орналасқан 2 сорғы станциясынан тұрды. Сорғылардың қуаты тәулігіне 1255 м3 дейін жетті, желілердің ұзындығы тек 18,5 км болды. Су екі сорғы стансасы арқылы көтерелді, бағасы -2 шелегі 1 тиынға сатылды.

1998 жылы — «Су ресурсы-Маркетинг» ЖШС-і құрылды. Араға бір жыл салып,  қысымның құлдырауын пьезометриялық түсіру есебінен су беру жүйесі жетілдірілді. Ал 2001 жылы — суды есептеу құралдарын үлестіру тораптарына шығару арқылы су құбыры желілерін қайта құру жобасын іске асыру басталды. 2011-2012 жылдары — тазарту ғимараттарының жабдықтары жаңғыртылды. 2012 жылы «Су ресурестары-Маркетинг» ЖШС-і «Қыран» тұтынушылардың аймақтық лигасы» қоғамдық мекемесінің «Алтын қыран» халықтық сапа белгісін иеленді.

2018 жыл – «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС 20 жылдығына орай салтанатты іс-шара, сонымен қатар «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру. Технологиялар, тиімді шешімдер және өзекті мәселелер» тақырыбында ғылыми –техникалық конференция өтті. Сол жылы – Өзбекстанның Ташкент және Наманган облыстары су арнасы мекемелерімен тәжірибе алмасу жұмысы атқарылды. Содан бері күні бүгінге дейін кәсіпорын жұмысы жанданып, қыруар тірліктер атқарып келеді.

Ал  «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС-і – «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша, күміс «Парыз» сыйлығына ие болды.

Металл құрылығыларын шығаратын «Qut-Bereke Qurylys» кәсіпорын биыл «Қазақстан­ның үздік тауары-2022» өңірлік бай­қау-көрмесінде көзге түскен болатын. Үздік сапа иесін анықтау мақса­тында ұйымдастырылған шараға қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат депутат­тары, кәсіпкерлер келіп, барлық павильонды аралап шығып,  дәл осы өндіріс иелерінің тауарларына қызығушылық танытқан болатын.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» сыйлығына екі бірдей Шымкенттік мекеменің ие болуы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуметінің жоғары екендігін айғақтайды.

Алдыңғы пост
​Шымкентте киім дүкенінен 97 футболка ұрлаған әйел сотталды
Келесі пост
Шымкентте дәмханаға келген ер кісі атып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu