Үздік сарбаз – командирдің көмекшісі

339

Хан борышы – жорықта ту көтеру. Сарбаз борышы – туға еріп жан беру.

Тарихқа сүйенетін болсақ әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің мемлекеттілігін жаугершілік заманда батыр бабалардың арқасында найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалып, аумақтарын кеңейткен, құрылған ел іргесін сарбаздары қорғаған. Ата жолың қуып бүгінгі күні де Қазақстан Республикасының ішкі тәртібін қорғау жолында ұландықтар қатары күнделікті қырағылықтарын көрсетіп, үздіктер қатарында келеді, солардың бірімерзімді қызметінде жауынгерлік дайындықтың алғыры атанғандар Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің маманы ефрейтор Ильбеев Тахир Мухамадович пен Степногорск қаласындағы 3517 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Сәрсен Ұлықбек Сәрсенұлы жайлы айтатын боламыз.

Ефрейтор Тахир Мухамадович 2000 жылдың 9 желтоқсанында Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Отбасында 5 адам, әкесі, анасы, 2 апасы және Тахир. Отбасынан алғаш шығып мектеп табалдырығын Тараз қаласы Жамбыл ауданындағы «Валерий Павлович Чкалова» атындағы орта мектебінде бастап білім нәрін сусындаған. Жастайынан ер азаматтың тәрбиесін көрген Тахир мектеп жылдарында «Жас Ұлан» әскери – патриоттық ұйымының мүшесі болған, сыныптастарының арасында беделді, мектеп өмірінде белсенді, үлкенге құрмет кішіге ізет білдіріп өскен. 2016 жылы  9 сыныпты аяқтай келе болашақ сарбаз мамандық таңдау жолында

 
Тараз қаласындағы «Темір жол көлігі мен коммуникация» колледжіне оқуға түсіп, 2019 жылы оқу орнын «жақсы» деген бағаға тәмәмдайды. Өзінің құрдастарына ұқсап Тахир Мухамадович спортқа да қызығушылығын кішкентайынан танытады.

«Біз алаңда жиналған кезде әрдайым жарысатынбыз, кім күшті, жылдам екенімізді білу үшін, қазір әрине ойнақ салып көңіліміздің қалағанын жасағанымызды түсінеміз. Бірақ, осының өзінде де бір түйін бар-ау, ер адам болып туғасын отбасымызды, қасындағы жақындарымызды қорғай алатындай болу керекпіз,  ер адамның мойнында қыл арқан шірімеген демекші, өз дегенімізді бермейтінбіз, көптеген спорт түрлеріне қызығатынмын, бірақ уақытымның көп бөлігін таэквондо мен баскетболға арнадым», – дейді ефрейтор Тахир Ильбеев.

Қайран балалық шақ өтіп, колледжді тәмамдаған Тахир ата-анасының жанында болады, кенет 2022 жылдың 24 желтоқсанында Тараз қаласының Қорғаныс департаментінің бұйрығымен 18 жасар бозбала Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан 6637 әскери бөліміне мерзімдік қызметке шақырылады. Алғашқы күнінен бастап кешегі жас шақырылым бүгінде сарбаз қызметте ширақтық танытып, өзгенің алдында тайсалмайқатарластарымен әскери өнерге бірден баулып кетеді.

Әкесі Мухамад ұлына атасының ерлігін дәріптеп, әрдайым айтып отыратын. Тахир атасының әскери киім үлгісін кішкене кезінен әкесінің туған өлкесіне барған сайын көретін, атасы Маликов Мухаммед Юсуровичтың көзін көрмесе де,  ҰОС ардагері екенін киімдегі медальдардан танып біліп, рухтылардың ұрпағы екенін мақтан тұтады. Атап өтсек, Тахирдың атасы лейтенант Муххамад Юсурович Ұлы Отан соғысы кезінде 509 атқыштар полкында 2 пулемет ротасының взвод командирі болған, жасаған ерліктері үшін «Красное Знамя», «Ұлы Отан соғысының II – дәрежелі» ордендерімен марапатталған, даңқ жазбаларында«Шабуыл кезінде жауға тойтарыс беріп, пулемет взводының сарбаздарымен ержүректік танытып басқарғаны, қарсыластың 5 пулемет нүктесін бұзып 15 жауынгерін жайтарып салғаны үшін марапатталды» деседі.

Қазіргі таңда даңқты ұрпақтың жалғасы ефрейтор Тахир Ильбеев 2 жедел мақсаттағы рота басқармасының сарбазы, сарбаз атқыштан ефрейтор шеніне көтерілген.

Біздің ротаның міндеті қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери қалашықты қорғау, ішкі қызметті ұйымдастыру. Жеке өзім қаруластарыммен бірге аман есен үйге қайтар күнімді күтудемін, қазіргі таңда бейбіт заманның батырлары ол менің сарбаз жолдастарым, себебі күнделікті біз қала көшелерінде көптеген азаматтармен, оқиғалармен, келенсіз әрекеттермен кездесеміз, сол кезде кешегі мектеп партасының оқушысы бүгін әскери бөлімге келген жас жеткіншек өзінің ісіне жауап бере алатын, тәртіп бұзушылыққа жол бермейтін сарбаз атанып отыр, бұл үлкен мәртебе деп ойлаймын өзім, – дейді Тахир.

Тахир жауынгерлік қызметте де, жауынгерлік дайындықта да үздік сарбаз, ротаның ғана емес,бөлімнің де өміріне белсене қатысады, қызметтестерімен әрдайым тату, көбіне барлығын алға жетелейді. Аға буын сержанттар қатарына да сыйлы, берілген тапсырманы екі етпей бірден орындайды, әскери қызметте өздеріңіз білетіндей – бұл ең қажетті, – деп ойымен бөлісті 2 жедел мақсаттағы ротасының командирі капитан Ибраев Раис Нариманұлы.

Үздік сарбаз қатарынан таңылғандардың біріОрталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 3517 әскери бөлімінен, қатардағы Сәрсен Ұлықбек Сәрсенұлы да тоқталып өткен дұрыс болар.

Ұлықбек Сәрсенұлы 2004 жылғы 16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Отбасында 4 адам, әкесі, анасы, үлкен ағасы және кенжесі Ұлықбек. Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов, Қожаберген жырау сынды ұлы ғұламалардың жерінде туған бала, әскерге де өз қалауымен келді.Балалық шағынан Ұлықбек қазақ әдебиеті мен қазақстан тарихына қызығатын, өзінің айтуыншаелінің тарихын білмеген халық – жетім халық, кеңбайтақ жерімізді қорғап қалған бабамызды қастерлей білу, ұлағатты сөздерін қазақ халқының арасында дәріптеу, жасаған еңбектерін ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру ер адамның парызы.

Бала кезімде әкем әскер туралы көп айтатын, әсіресе өзінің қызмет еткен жылдарын, қызықты сәттерін, содан менің өзімнің талпынысымнан ба, аталарымыздың ел қорғау жолындағы ерліктерін сүйсіне оқитынмын, кішкентай кезімнен әскерге деген қызығушылығым артып, тез есейіп Отан алдындағы борышымды өтеуге асықтым. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қаситетті борышы және парызы болып табылады, бұл қағидамен толықтай келісемін, – дейді қатардағы  Ұлықбек Сәрсен.

Ұлықбек ойын алаңында алдына жан бермес баскетбол ойыншысы, және көңіл тартар әзілкештер арасында жайдарманшы. Жетістіктерім де осы жайдарманның арқасында болды.

Қазіргі таңда 2 атқыштар ротасы 1 взводы 1 бөлімшесінің сарбазы болып табыламын, қызметімнің алғашқы күнінен бастап, қызықты сәттер өте көп болды. Ең алғашқы сәттердің бірі – ол ату алаңына барған кезім және рота үй-жайында кешкі уақытта жолдастарыммен ән айтып, күліп жүрген кездер ең қызықты сәттердің бірі болып табылады, – дейді сарбаз.

Батыр бабамыз полковник Бауыржан Момышұлының қанатты сөзі бар «Отан үшін отқа түс – күймейсін» деген, сондағы ойы болашақ Отан қорғаушылар қатары тек әскер қатарында емес, күнделікті Отанының тыныштығын ойлайтын ұрпақ болсын деген ойы шығар, сонау Керей мен Жәнібек хандар іргесін қалаған қазақ жері Қазақстан Республикасы атанып отыр, аға буынға лайық туар ұрпағымыз көп болғай!

Капитан Алияр Дүйсенбай 

Қарағанды қаласы.

Алдыңғы пост
Елімізде, 14 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеуде
Келесі пост
Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu