«Жұлдыз» тұрғын алабын инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде

303

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы «Жұлдыз» тұрғын алабының Асубұлақ көшесіне асфальт қабатын төсеу және аяқ жол салу жұмыстары басталып кетті.

Бүгін аталған елді мекен тұрғындарымен аудан әкімі тарапынан кездесу өткізіліп, асфальттау жұмыстарының бірінші қабатын төсеу барысы қадағаланды.

Айта кетейік, «Жұлдыз» тұрғын алабындағы өзекті мәселенің бірі -27 көпқабатты үйге былтырғы жылы орталықтандырылған кәріз құбыры тартылған болатын. Қазіргі уақытта магистралды құбырға тұрғын үйлерді қосу бойынша абоненттеу жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Айта кетейік, Еңбекші ауданы аумағында өзге де жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6%) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.

Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделді. Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Одан бөлек «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Биыл 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 38 көше асфальтталып, 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.

Сонымен қатар «Исфиджап» тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. 2027 жылға дейін жаңа құрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы қанағаттанарлық жол үлесі 100%-ға жеткізу көрсеткіші жүзеге аспақ.

Бұдан бөлек, 4 елді мекенге инфрақұрылым тарту бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Атап айтар болсақ, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағынаудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста  жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған.

Құрылыс жұмыстары қолға  алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешімін табады.

Алдыңғы пост
Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет – мемлекет басшысы
Келесі пост
Әл-фараби ауданында 531 көпқабатты тұрғын үйге сығымдау жұмыстары жүргізілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu