Шымкент қаласы, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, жүргізуші куәлігін eGov.kz және Kaspi.kz қосымшасфы арқылы алуға болады деп отыр. Сіз бұл мүмкіндіктер арқылы уақытыңызды үнемдеп, қызмет түрін жылдамдата аласыз.
Куәлікті ауыстыру процесі өте оңай. Сізге үйден шығудыңда қажеті жоқ. Тек қолыңыздағы телефонды пайдалансаңыз болғаны. Тура қосымшада суретті және медициналық анықтаманы жүктеп, мемлекеттік бажды комиссиясыз төлеп, жаңа жүргізуші куәлігін цифрлық құжаттардан алуға болады.
Жаңа сервисті Kaspi.kz ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және ақпараттық-өндірістік орталығымен бірлесіп, ІІМ қаржы және технологиялық компаниялармен ықпалдасуды оңтайландыратын инновациялық жүйесінің көмегімен әзірледі. Куәлікті ауыстыру процесі өте оңай. Тура қосымшада суретті және медициналық анықтаманы жүктеп, мемлекеттік бажды комиссиясыз төлеп, жаңа жүргізуші куәлігін цифрлық құжаттардан алу керек. Сондай-ақ жаңа жүргізуші куәлігін алып кетуге ыңғайлы ХҚКО-ны таңдауға болады.
Қазіргі таңдағы басты орында тұрған міндеттердің бірі – ХҚКО-ға келетін клиенттердің ағынын азайту. Күн сайын мыңдаған қазақстандық жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚКО-ға келеді. Куәлікті ауыстыру қажеттігі туралы хабарламаға қарамастан, көптеген автоәуесқойлар мерзімі өтіп кеткен куәлікпен ХҚКО-ға келеді, бұл қосымша қиындықтар туғызады, себебі медициналық комиссиядан өту, медициналық анықтама беру қажет болады. Бұл қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін қолайлы жағдай жасайтын және ХҚКО-ның жұмысын жеңілдететін пайдалы әрі қажетті қызмет – деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин
Айта кету керек, жыл басынан бері Шымкент қаласында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 80 мың адам жүргізуші куәлігін алған.