Қазақстанда алғаш рет: Жаңаөзенде дәстүрлі садақ атудан I республикалық чемпионат өтті. Шымкенттіктер жеңіспен оралды

206

16 қазанда Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы стадионда дәстүрлі садақ атудан әр түрлі жас санаттары арасында алғаш рет I Республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл туралы Elitar.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, мұндай чемпионат елде алғаш рет өткізілуде. Дәстүрлі садақ ату сайысына еліміздің әр өңірінен 200-ден астам садақшы қатысты.

Чемпионатқа Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

– Дәстүрлі садақ ату Қазақстанда 90-жылдары басталды. Соңғы 4-5 жылда бұл спорт түрі ұлттық дәрежеге көтерілді. Бүгінгі чемпионат Маңғыстау облысында алғаш рет өтуде. Қазір бұл спортқа мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Бұл спорт түрімен 7 жастағы бала да, 70 жастағы қария да айналыса алады. Бұл спорт әлі де өзінің лайықты орнын алады деп ойлаймын. Бүгінгі жарысқа еліміздің көптеген облыстарынан кіл мықтылар келді. Біз бұл спортты әлемдік деңгейге шығаруға дайынбыз, ол үшін жан-жақты қолдау білдіреміз де. Жақында Түркияда өткен көшпенділер ойынында еліміздің садақшылары екінші орын алды. 35 елдің ішінде Қазақстан екінші орын алып, 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен оралды, – дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды Шымкент қаласының мергендері алса, 2-орынды Абай облысының мергендері алды. Ал, 3-орын Жетісу облысының мергендеріне бұйырды. Сондай-ақ, әр нысана бойынша жас шамасына қарай үздік мергендер анықталып, оларға да ақшалай сыйақы табысталды.

Алдыңғы пост
​Жүргізуші куәлігін онлайн рәсімдеп, уақыт жоғалтпаңыз
Келесі пост
Атырау облысында жаңа екі елді мекен – Болашақ және Шипажай пайда болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu