Жалған доллар жасап, өткізбек болғандардың жолы кесілді

214

Жалған шетел валютасын өткізуді жүзеге асырған жалған ақша жасаушылардың заңсыз қызметін ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті әшкерледі деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша қаражатын өткізу кезінде бір топ тұлға қолға түскен. Оларға қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК Қырғызстан мен Қазақстан аумағында номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттарды өткізген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтап, жолын кескені хабарланған болатын.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ҰҚК жалған долларларды өткізу күдігі бойынша Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, ол өз кезегінде Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тергеліп жатқан қылмыстық істің мән-жайларына қатысы бар.

Қазіргі таңда осы топқа қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Алдыңғы пост
Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың 10 жасар қызын зорламақ болды деген ақпараты рас па?
Келесі пост
Мерекеде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс істеу кестесі бекітілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu