​Әкімдікте істейтін танысына сенген шымкенттік оңбай алданды

Теги: ,
202

Ешбір емтихансыз жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды. Жәбірленуші Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына арызданды. Айтуынша, әкімдікте көлік жүргізушісі болып жұмыс жасайтын танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сеніміне кіріп, 120 мың теңге ақшасын алған.

Қалалық Полиция департаментіндегілер тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін айтты.

Күдікті ер кісі бір тәулік ішінде қала аумағынан ұсталған. Ол – Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны. Бұрын соңды сотты болмаған. Оңай жолмен алған ақшаны жаратып үлгеріпті.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
​Әуежайдың жүк тиеушісі 1 млн теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлап алған
Келесі пост
​Түрмеге әкелінген тұшпара ішінен есірткі шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu