Жамбылда 5 күннен бері ағасы шарқ ұрып іздеген әйел жазық даладан табылды

Теги:
290

Жамбылда Сарысу ауданының полиция бөліміне Саудакент ауылының тұрғыны 37 жастағы қарындасының жоғалып кеткені туралы айтып, көмек сұраған. Әйел азаматы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, жақындарымен байланысқа шықпаған. Ол 2011 жылдан бастап психикалық диспансер орталығында есепте тұрады. Хабарламадан соң Сарысу аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы шұғыл түрде дабыл бойынша көтеріліп, жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылды.

Polisia.kz жазуынша, іздеу жұмыстарына волонтерлер мен жергілікті тұрғындар, аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері де қосылды. Іздестіру шаралары Сарысу ауданының елдімекендерінде ғана емес, шекара маңындағы ауылдардың аумағында да жүргізілді. Көшелер, үйлер, аулалар, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелер, жолдың бойлары да тексерілді. Жоғалған әйел 5 күннен кейін жазық далада ауыр жағдайда табылды. Есін білгенімен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді.

Алдыңғы пост
Шымкентте этносаралық саясат пен қоғамдық келісімді ілгерілету мәселелері талқыланды
Келесі пост
Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu