231
Бұл сұраққа премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді. Оның айтуынша, жемқорлардан барлығы 150 млрд теңге қайтарылған.
-“Қателеспесем, одан 62 мектепті салуға қаражат бөлінді. Қазақстанның әрбір аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат бөлінді. Бірақ оның барлығы бөлінбеді. 90 миллардқа жуық теңге бөлінді. (Шотта) 60 млрд теңгеге жуық қаражат бар. Апатты және үш ауысымды мектептер болса, оларды жөндеуге қатысты өтінім түссе, қалған ақшаны бөлу жағын қарастырамыз. Республикалық бюджет комиссияның шешімімен қаржы бөлінеді”,- деді.