189

Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қала және аудан әкімдері мен бағдарлама әкімшілері, кәсіпорындар мен энергонысандарда бекітілген іс-шараларға сәйкес жүруде. Яғни, қысқы жылу маусымында тұтынушыларға үздіксіз сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондықтан әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілетін болады.

Қазір “Қуатжылуорталық-3” МКК қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 км құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде.

Кесте бойынша жұмыстары толық аяқталған нысандар:

1. Толстой көшесі “Эмир” дәмханасы дейін

2. Толстой көшесі Сасбұқаев көшесіне дейінгі

3. Нұрсат шағынауданы №38,39,74 а үйлері

4. Нұрсат шағынауданы №12,75 үйлері

5. Күншығыс шағынауданы 4-5 кезек

6. Пазылбеков көшесі 4,5,6,7 ТК-26

7. Тауке-хан №29,31, Қонаев көшесі №7

Жалпы:1927 метр

Жұмыстар жүріп жатқан нысандар:

1. Асқаров ТК-3 Мангельдин көшесіне дейін -16,4% -орындалды

2. ПНС-5тен Шаяхметов көшесі – 40% -орындалды

3. ТК-16 Адырбеков -Алдияров к-сі ТК-19 дейін –  52% -орындалды

Жалпы: 1787м/560м

Дайындық жұмыстары жүріп жатқан нысандар:

1. ТК-3 Асқаров көшесі ТК-23

2. ТК-42 Байтұрсынов көшесі ТК-39 Ғ.Іляев

3. Түркістан көшесі ТК-24 және ТК-26 аралығы

4. ТК-60Б Гагарин көшесі

5. ТК-26 және ТК-27 аралығы Республика даңғылы

6. 18 шағынаудан Ерімбетов – Рысқұлов көшесі

Жалпы: 3508 метр

Жоспарға сәйкес 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өткізіліп,  9,3 шақырымға қайта құру жұмыстары жүргізілмек. Яғни, аталмыш жобалар аясында Гагарин, Абай, Громов көшелеріндегі магистралды жылу құбырларын жағарту жұмыстары,  сонымен қатар, Гоголь, Адырбеков көшелеріндегі жылу желілерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ қазір «3-Энергоорталық», «ҚазТрансГаз Аймақ», «ОңтүстікЖарықТранзит», «Су ресурстары – Маркетинг» коммуналдық мекемелер тарапынан да тиісті модернизациялық жұмыстар басталды. Бұдан бөлек, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіде тиісті шараларды қолға алып, пысықтау жұмыстарын жүргізетін болады. Тек, пысықтап қана қоймай, сақтық шараларында қолға алмақ.

Осы ретте  қала әкімі тиісті жұмыстар бойынша мәселелердің өзектілігіне қарай, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed