Зияткер ұлт тәрбиелеу — маңызды міндет

400

Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлтжанды, отаншылдық рухы биік, зияткер ұлт тәрбиелеумаңызды міндет. Себебі, надандық пен ескілікке, радикализм мен масылдыққа, тоғышарлыққа,сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің ертеңін қалыптастырамыз.

XXI ғасыр білім мен интеллект ғасыры екені айдан анық. Яғни, біз өмір сүріп отырған кезеңде еліміздің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және саясатын, бір сөзбен айтқанда, болашақ дамуын интеллектуалды адам капиталы айқындайды.Жаппай жаһандану дәуірі қоғам дамуының жаңа талаптары мен міндеттерін алға тартуда. Ғылыми-техникалық үрдістердің жылдам қарқынмен дамуы қоғамдық сананы өзгертті. Білім мен ғылымның қоғаммен байланысы мүлде жаңа арнаға ауысты.Міне, сондықтан да қазіргідей ақпарат тасқынына адасып кетпей, бәсекелестік көшіне ілесу үшін интеллектуалды ұлт қалыптастырудың маңызы зор болып отыр.

Зияткер ұлт қалыптастыру – ол жастарымызды жаңа формацияға тәрбиелеу. Ал, ол үшін негізгі үш бағытта әрекет ету қажет. Бірінші бағыт білім беру сапасын заманауи талаптарға сай дамыту.Екінші бағыт ғылымды дамыту және ғылыми әлеуетті арттыру. Үшіншісі, инновациялық даму жүйесіне басымдық беру. Осы мәселелердің қаншалықты өзекті екенін оқу-ағарту саласындағы өзгерістен-ақ байқауға болады. Яғни, білім мен ғылымды қарқынды дамыту үшін былтыр ҚР Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі болып қайта құрылды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жоғарыда аталған бағыттарды негізге ала отырып, білім беру процесіне түрлі жаңалықтар енгізуде. Әсіресе, химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінде екінші бағыт бойынша тиімді жұмыс жүргізіліп келеді. Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің сұранысына сай толықтырылып, зертханалар түрлі тәжірибені сынақтан өткізу үшін заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, теория мен тәжірибені ұштастыруда дуальді білім беру жүйесі сәтті түрдеқолданылып отыр.

Мемлекеттің интеллектуалды әлеуетінің негізі және басты көрсеткіші  сапалы білім мен сындарлы ғылым десек, жоғары оқу орындары еліміздіңбілікті кадрларын қалыптастыратын және интеллектуальды әлеуетін дамытатын орта болып табылады. Бұл жүйе қаншалықты тиімді жұмыс істесе, еліміз саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да тұрақты түрде дамиды деп сенемін. Бүгінгі экономика интеллектуалды еңбекке негізделген. Ал, интеллектуалды еңбектің қозғаушы күшіжастар. Сондықтан саяси тұрғыдан жаңарған Қазақстанда рухани дүниесі бай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің ертеңіне бей-жай қарамайтын, кәсіби шеберлігі жоғары, технологиялық процестерді меңгерген жан-жақты, зияткер ұлт тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті деп санаймыз.

Мырзабай НАРМАНОВ, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Химия және фармацевтикалық инженерия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының кандидаты

Алдыңғы пост
Шымкентте әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды
Келесі пост
Шымкенттік оқушы үйлерді жер сілкінісінен қорғау жүйесін әзірледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu