Ерекше жандарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 323 мыңнан астам қызмет көрсетілді

22

2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 323 мыңнан астам қызмет алды деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минисрлігі.

Жыл басынан бері, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 323,7 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 246,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 45,3 мың – жеке көмекшінің, 32,5 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.

«Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Бүгінде Порталда 680 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 981 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 761 ымдау тілі және 130 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген»,-деп мәлімдемеде.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Алдыңғы пост
«Шымкент жастар театры» директоры мен лауазымды тұлғалар 136 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Келесі пост
Бес жылда 40-тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu