140
Түркістан облысы, Келес ауданы, Есікқорған ауылының оқушылары, қабырғасы құлаған, едендері шіріген мектепте білім алуға мәжбүр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бір кездері баланың басына сылақ құлап, жарақат алған екен.
“Өркениетті ел балалары да осы мектепте оқиды ма?” деп, бәрі таң қалады. Ауылдағы малхана, монша мен дәретхана бұдан әдемі шығар”, – деді ауыл тұрғыны.
Мектепте бар жоғы екі кабинет бар. Ал, асхана, спортзал, кітапхана атымен жоқ.
60 жыл бойы жөндеу көрмеген мектептің ішіне от жағылса, кабинеттің іші көк түтінге айналады дейді білетіндер. Сондай-ақ, бұл білім ошағында бастауыш сынып оқушылары оқиды.
Жергілікті білім басқармасының мамандары, биыл қыста мектеп құрылысы басталады деп отыр.
Сурет: stankz.