120
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасора»жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан екі адамды ұстады. Олардың бірі 38 жастағы ер адам болса, екіншісі 28 жастағы әйел азаматша деп хабарлады polisiakz.
Күдіктілерде жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді.
Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталды.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.