Есірткі тасымалдаған курьер ұсталды

49

ІІМ “Заң мен Тәртіп” қағидатын іске асыруды жалғастыруда. Министрліктің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады деп хабарлады баспасөз қызметі.

– Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі “мефедрон” салынған пакет табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограмды құрады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Алдыңғы пост
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты
Келесі пост
Шымкентте алимент төлемеген борышкер сотты болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu