Қарағандыда эскалатордан түсіп бара жатқан жігітті белгісіз адам теуіп құлатты

223

Қарағандыда сауда орталықтарының біріне келген жас жігіт еш алаңсыз эскалатордан төмен түсіп бара жатқан сәтте арқасынан белгісіз адам келіп теуіп жібереді. Соққының ауыр болғаны соншалық жас жігіт қатты жылдамдықпен аяғынан жығыла еденге етпетімен құлап, есінен танып қалған. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

Көп ұзамай полиция аталған бейнежазбаға қатысты пікір білдірді. Оқиға «Сити Мол» сауда үйінде болған. Жас жігіттің арқасынан бір теуіп құлатқан ер кісінің жүйке жүйесінде  ауытқуы бар екен.

«Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психияторлық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды» делінген полиция мәліметінде.

Алдыңғы пост
Top-5: Қазақстандағы тарихи орындар мен ескерткіштер
Келесі пост
Сайрам ауданында диқандар малдың қаны араласқан арық суын пайдаланып жүр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu