79
Оқиға, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Вагонная көшесінде орын алған. Көп қабатты үйлердің бірінде газда ұмыт қалған тамақ жанып, өрт жан-жағын шарпыған. Жағымсыз иісті байқаған көрші, тез арада құтқарушыларға хабарласқан.
Пәтердің есігін ешкім ашпағандықтан ТЖМ қызметкерлері есікті ашып пәтерге кірді. Өрт сөндірушілер газ плитасында тамақтың жанып, жалын ас үй жиһазына тарағанын анықтады.
Абырой болғанда құтқарушылар тез арада өртті сөндіріп, плитаны өшірді. Газ баллонын ажыратып, далаға алып шыққан. Зардап шеккендер жоқ.