24
Семейде «Toyota Camry» 55 көлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін ойланбастан әдейі бұзған. Бұл заңсыз әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Жас жігіт, бір апта ішінде жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жолда рұқсат етілмеген маневр жасау, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану сынды әрекеттерін бейнежазбаға әдейі түсірген. Сонымен қатар, оның көлігінде алдыңғы мемлекеттік нөмір болмаған. Ол аздай, орнына тыйым салынған жарық шамдарын орнатып алған.
Дер кезінде, құқық бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды.