Маңғыстауда ер кісі үш баласын өлтіріп, кейін өзі асылып қалған

27

Маңғыстауда 38 жастағы ер кісі үш баласын жіпке асып өлтірген. Кейіннен өзі өмірімен қоштасқан. Жантүршігерлік оқиға, 11 желтоқсан күні болған. Кешкі сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне 4 мәйіттің табылғаны туралы  хабарлама келіп түскен. Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы жетті. Ер адамның алдымен 8 бен 4 жастағы және 10 айлық балаларын өлтіріп, кейін өзі асылып қалғаны анықталды.

«Тексеру барысында ер кісінің әйеліне жіберген аудиожазбасы анықталды. Ол жұбайына өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан. Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және ерлі-зайыптылардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды» делінген ІІМ Telegram-каналы таратқан мәліметте.

Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Алдыңғы пост
Шымкентте түнгі клуб қызметкері есірткі сатумен айналысқан
Келесі пост
Алматыда пәтер ұрылары қылмыс үстінде ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu