Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Польшадан күдікті экстрадицияланды. Ол, 2023 жылы Алматы қаласында алкогольдік масаң күйде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен,нәтижесінде басқа көлікпен соқтығысып, жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетейік, аталмыш қылмыс үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Польша тарабынан Қазақстан аумағында аса ірі көлемде есірткі бизнесімен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың ұйымдастырушысы Қазақстанға экстрадицияланған болатын.