Талдықорғанда білім бөлімін басқарған экс-басшының мәйіті өзеннен табылды

Теги: , ,
273

Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті табылды. Экс-шенеуніктің денесін Қаратал өзенінде жүрген балықшылар 11 маусым күні кешкі сағат 8-дер шамасында тауып алған.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Бұл факт қалалық полицияда  тіркелді. Сот-медициналық сараптама жасалып, өлімнің себебі анықталатын болады.

Айта кетсек, Роза Барманова 2016-2022 жылдар аралығында Талдықорған қаласының білім бөлімін басқарған. 2022 жылдың қыркүйек айында өз еркімен жұмыстан кеткен.

Алдыңғы пост
Семейдегі өрт: Асыраушысынан айырылған отбасы балаларына жағдай жасалады
Келесі пост
Абай облысындағы өртке байланысты Шымкентте қала күнін тойлау кейінге қалдырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu