Аса ірі көлемде психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін іздеуде жүрген азамат Армениядан экстрадицияланды деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
ҚР Бас прокуратурасы және ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін Қазақстан азаматы елімізге жеткізілді. Ол, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттар, сондай-ақ сол тектестердің заңсыз айналымымен әшкере болған.
Күдіктіге қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалуына байланысты ол тергеуден жасырынғандықтан, халықаралық іздеуге жарияланған.
Өткен жылдың қыркүйек айында аталған адам Ереванда ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы