Әлеуметтік желілерде түн уақытында түсірілген түсініксіз видео пайда болды. Ондағы ақпаратқа сенсек, әлдекімдер жас қызды көлікке күштеп отырғызып, жан дауысын шығарып тұрып ұрып-соққан. Оқиға түнгі сағат 2-лер шамасында орын алған. Видеоны куәгерлердің бірі түсіріп алыпты. Полицияға хабар берілгенімен, олар жетемін дегенше көліктегілер кетіп қалған.
Қалалық Полиция департаменті бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
«Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізіліп, ерлі-зайыптылардың арасында орын алған жанжал екені анықталды. Оқиға бойынша ешқандай адам ұрлау фактісі 102 арнасына түспеген және ерлі-зайыптылар тарапынан арыз-шағымдар келтірілмеген. Көрсетілген азаматтарға профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, орын алған отбасылық жанжал бойынша қорғау нұсқамасы шығарылды» делінген департамент мәліметінде.