Бүгін елімізде кеншілер күні тойлануда. Шахтерлердің еңбегінің арқасында өндіріс орындары мен тасымал жұмыс жасап, үйімізге жылу келіп тұр. Сондықтан, бұл азаматтардың еңбегі ерен.
Осы ретте мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тау-кен металлургия кешенін дамытудың маңызды екенін айтқан болатын.
Бірер күн бұрын ғана, Мемлекет басшысы атаулы күн қарсаңында шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. Бір қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен және 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.
Олай болса, бұл мерекемен біз де, шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!