ХАМАС басшылары Каирде жалғасқан келіссөздерден кейін топтың Газада атысты тоқтату келісімінің шарттарын қабылдаған. Алайда, Израиль билігі жауап беруге асықпай отыр деп хабарлайды ВВС.
Рафах халқы мүмкін болатын бітімге келу туралы хабарды қуанышпен қарсы алды және АҚШ Израильді қалаға қарсы операция жасамауға шақырды. Алайда Израиль эвакуацияға тағы да шақырып, Рафахтың шығысына соққы жасай бастады. ЦАХАЛ жақын арада бұл соққылар туралы толығырақ ақпарат беруге уәде берді, – деп жазады ВВС.
Фото: ВВС
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің әскері 7 қазанда кепілге алынған израильдіктерді босату үшін ХАМАС-қа қысым көрсетуді жалғастыру туралы шешім қабылдағанын айтты. Олардың айтуынша, ұсынылған бітім Израильдің талаптарын қанағаттандырмаса да, олар келіссөзге делегация жібермек.