Хасан Қасымбаев, өзіне қатысты айтылған ақпараттардың барлығын жоққа шығарды. Айтуынша, ағайындарымен тыныш өмір сүруде. Ешкімге соқтықпай жай жатқан ел көрінеді.
«Мен, ол ауылдан 2015 жылы көшіп кеткенмін. Қазіргі таңда, Талғар қаласында тұрамын. Мен, әлі күнге дейін түсінбеймін. Неге мені, «Хуторский» ОПГ лидері деп атап жатқанын. Мен заң бұзбағанмын. Сотталмағанмын. Адал жұмыс істеп жүрген адаммын. Менің және отбасымды қаралап жатыр. Менің туған бауырым, Талғар ауданы әкімдігінде аппарат басшысы болып жұмыс істейді. Ал, кіші інім 2017 жылдан бастап, түрмеде жазасын өтеп жатыр»,-деді ол.
Хасан Қасымбаев өзінің сұқбатында сотталған інісіне қатысты тақырыпты қозғамауды сұрады.
Айта кетейік, әлеуметтік желі де, Хасанның інісі Ержан кеден басшысын өлтірді деген айыппен сотталған деген ақпарат тараған болатын.