ІІМ: “Дикий Арманның” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне тінту жүргізілді 

189

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, қылмысқа қарсы күрес тобымен Алматы мен Шымкент қалаларында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Құқық қорғау қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, криминалитеттің 550-ден астам өкілі жауапқа тартылған.

– Соңғы екі жылда 140-тан астам осындай топтардың қызметі тоқтатылды. Криминалитеттің 550-ден астам өкілі жауапқа тартылды. Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде “қаңтар оқиғасы” кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталуда. Ағымдағы жылдың тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта “Дикий Арманның” ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шаралары жүргізілді. Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған. 40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Алдыңғы пост
СІМ ҚР азаматтарына Бангладешке бармауға кеңес береді
Келесі пост
Ақтөбеде 8 адам жол апатынан қайтыс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu