Инвестициялық жоба түріндегі алаяқтық схеманы ұйымдастырған елорда тұрғыны сотталды

49

Астана қаласының тұрғыны бизнес-жоба жүзеге асыру сылтауымен екі жәбірленушіден 100 миллион теңгеден астам қаражатты «инвестиция» ретінде алып, жеке мақсаттарына пайдаланған.

Ол жоғары кіріс әкелетін IT-бизнес — ақылы автотұрақ жүйесімен жабдықталған автоматтандырылған шлагбаумдар орнату жобасына инвестиция құюды және бірлесіп жұмыс істеуді ұсынған. Алайда тергеу мен сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін мойындамай, әрекетін азаматтық-құқықтық қатынас деп бағалап, қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысты. Сондай-ақ, келтірілген материалдық шығынды өтеуден бас тартты.

Тергеу нәтижесінде жәбірленушілерден алынған қаражаттың инвестициялық жобаға емес, жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны дәлелденді.

Сот үкімімен ол 6 жылға бас бостандығынан айырылып, келтірілген шығын өндірілді.

Алдыңғы пост
20 млн теңге: Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Келесі пост
Ана балаларын терезеден лақтырып жіберген, соңынан өзі секіріп кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu