Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен, шекарадан заңсыз препараттарды тасымалдағандар ұсталды.
Күдіктілер, алдын-ала сөз байласу арқылы, витаминдер түрімен жасырылылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді өткізген. Олар, заңсыз заттарды АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.
«Жедел шара барысында препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды. 206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Қазіргі таңда, күдіктілерге қатысты «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.