82
Тәртіп сақшылары, Астана – Петропавл автожолының 232-шақырымында қызмет атқару кезінде Van Hool автобусын тоқтатты. Жүргізушіні тексеру барысында, алкогольдің иісі шыққан. Оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өту ұсынылды, онда дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады.
Ол, Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны.
Жүргізуші, спирттік ішімдіктен ұрттап алып, 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды.